ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАРЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ
Жалағаш аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен (аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушылар «Груп 4 СК» ЖШС-де қызмет еткен. Сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстық іс материалдарынан 18.05.2014 жылы сотталушылар ұйымдасқан келісімге келіп, "Юг-Транс-Групп" ЖШС-гі мекемесіне тиесілі бұрғы аппаратын жасырын ұрлап, сатып жіберген. Түскен пайданы, яғни 2000000 теңгені өзара теңдей бөліскен.
Сот талқылауы барысында сотталушыларға жәбірленуші жақ кешірім берген. Сонымен қатар олардың бұрын сотты болмағандығы, жас балалары бары екені ескерілді.
Сотталушы А. 1997 №167 ҚР ҚК-нің 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы М.-ға да осы бап бойынша шешім қабылданды. ҚР ҚК-тің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санап, оларға 3 (үш) жыл сынақ мерзімі берілді.
Ал, сотталушылар К. мен А. 16.07.1997 жылғы №167 ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі арқылы 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, осы Кодекстің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп санап, оларға 2 (екі) жыл сынақ мерзімі тағайындалды, делінген Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.