ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТ КӨРШІСІНІҢ СӘБИІН ОТТАН АЛЫП ШЫҚТЫ
М.Маметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Данияр Қауышханов өртке оранған пәтерден сәбиді алып шықты.
Оқиға 12 наурыз күні Тасбөгет кенті Ғ.Мұратбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Көрші үйден шығып жатқан қалың өртті көрген Данияр көмекке ұмтылады. Жанып жатқан үйдің ішінде бір жарым жастағы сәби қалып қойған. Данияр ойланбастан жалын шарпыған үйге еніп кетеді. Жанып жатқанына біраз болған үйдің бөлмелерінен баланы бесігімен тауып алады. Сәби терезеден шығарылып, облыстық медициналық орталыққа жеткізіледі. Құтқарушы бұндай оқиғада басқаша әрекет жасау мүмкін емес деп отыр. Ол сәбиді өрттен құтқару барысында өз өміріне төнген қауіпті ойламаған.
«Менің орнымда бұл жерде басқа адам болса да дәл осылай жасар еді. Мен үйде бала қалып қойғанын естігенде құтқарудан басқа ойыма ешнарсе келмеді. Үйге кіргенімде бала жатқан бесік жанып жатқан терезенің алдында тұрды. Бесіктегі сәбиді шешіп, қолыма алғанда оның әлсіздігін байқадым. Содан соң оны тереза арқылы далаға шығарып, қайтар есікті таппай өзім де түтінге тұншығып, есікті әзер таптым» - дейді Данияр.
Данияр Қауышқанов №5 балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Бокстан ҚР спорт шебері.
Фариза ОМАРОВА