КАРТА ОЙЫНЫ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛУЫМЕН АЯҚТАЛДЫ
Карта ойыны жасөспірімдердің төбелесіне ұласып, ойын барысында жәбірленуші пышақпен жараланған. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған кәмелетке толмаған айыпталушы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Қорқыт ата ескерткіші маңында бір топ адамдармен карта ойнап отырып, мені мазақ еттің деген болмашы сылтаумен жәбірленушінің оң жақ аяғына пышақ сұғып алған. Соның салдарынан денсаулығына жеңіл дене жарақатын салған.
Бұған дейінде кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты бұзақылық жасағаны үшін 2 рет қылмыстық істер қозғалып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылып келген екен. Алайда бұдан сабақ алмаған ол 1 жыл ішінде қайтадан қылмыс жасауға жол берген.
Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған сотталушы 2 жылға бас бостандығынан шектеліп, оған ҚК-нің 82 бабындағы тәрбиелік мәжбүрлеу шаралары қолданылған.
Шынар БЕКБАН