ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕКІ АДАМ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ЖҮРГІЗУШІ СОТТАЛДЫ
Сырдария ауданында алкогольдік ішімдік ішкен жүргізуші 5 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Ол екі адамның өліміне себепкер болды.
Сотталушы азамат өзінің «Лексус-300» маркалы автокөлігімен «Самара-Шымкент» тас жолында мас күйінде жылдамдықты асырып, басты жолда келе жатқан «Ауди-80» маркалы автокөлігіне жол бермей өтіп кетпекші болған. Қатты жылдамдықпен алған соққыдан «Ауди-80» автокөлігінен екі адам қайтыс болған.
Сырдария аудандық сотымен 24.02.2015 жылы ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігімен кінәлі жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.
- Алдын-ала тергеу барысында және басты сот талқылауында сотталушы Т. өз кінәсін еш мойындамаған. Алайда оның осы қылмысты жасауы салдарынан екі адамның өліміне әкеп соққаны сот талқылауы барысында толықтай өз дәлелін тапты. Жәбірленуші өкілдері сот талқылауында сотталушыға жасаған іс-әрекеті үшін кешірім берген жоқ, - деді аудандық соттың баспасөз хатшысы М.Асан.
Осыған байланысты сот сотталушыға жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, қылмыспен келтірілген залалдың орнын ескеріп, оған осы баппен 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын «қоныс колониясында» өтеуді белгіледі.