СЕНІМ АРТҚАН СЕРІГІН САН СОҚТЫРДЫ
Серіктес боламын деп сеніміне кірген танысы ірі көлемде ақша алып сан соқтырған. Сотталушы азамат 2013 жылдың қаңтар айында танысы өзінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін сатқанын естіп, бірнеше рет онымен кездесіп, оған жолдасы жеке кәсіпкерінің атынан «Комбайн және «Беларусь» тракторларына қосалқы бөлшектерін Қытай елінен әкеліп жүргенін, өзінің Қытай елінен 35000 АҚШ долларына «Камаз» жүк көлігін әкеліп бере алатынын жалған айтып алдап, қиянат жасау арқылы сеніміне кірген.
Содан соң, 2013 жылдың 18-қаңтар күні жәбірленуші үйіне барып, одан оның ұлы, қызы және туысы көздерінше Қытай елінен жүк көлігін 2013 жылдың наурызына дейін әкеліп беремін деп алдап, сеніміне кіріп, 35000 АҚШ долларын және қарызға деп 65000 АҚШ долларын алдап алғанын мәлімдейді. Алаяқтық іс әрекетін қолхат жазып беру арқылы рәсімдеп, жәбірленушінің 100000 АҚШ долларын иемденіп, ол ақшаны өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.
Сөйтіп, сотталушы бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иемденіп, ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленіп сот залынан дереу қамауға алынды. Үкім күшіне енбеген.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі