АРАЛДА КАССИР БАНК ҚОЙМАСЫН ТОНАП КЕТТІ
Аралда банк кассирі қоймада сақтаулы жатқан ақшаны қолды етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Банктердің бірінде бақылаушы-кассир болып істеген әйел қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған банк мүлкін, дәлірек айтқанда, қоймада жатқан 700 мың теңгеден астам қаржыны қажетіне жаратқан. «Қылмыс әшкереленіп, іс сотқа жеткенде қос тарап ортақ бітімге келіп, сотталушы жазадан құтылды, -дейді Қызылорда облыстық сотының баспасөз хатшысы Ардақ Смағамбетова. – Ал банкке келген шығын толығымен өтелді». Қылмыстық істің егжей-тегжейін ескерген сот сотталушыны жауапкершіліктен босату және оған қатысты қозғалған істі тоқтату туралы қаулы шығарды.