40-ТАН АСА ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ АЙЫППҰЛ АЛАҢЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғалараның артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары жүргізілуде.
24 ақпан күні полиция қызметкерлері облыс орталығында орын алған көлік құралын заңсыз иемдену қылмысының бетін «ізін суытпай» ашты. Қызылорда қаласының тұрғыны 1994 жылы туылған азамат өзінің үй ауласында тұрған автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде арызданған болатын. Аталған арыз бойынша оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде сезікті ретінде 1994 жылы туылған қала тұрғынын ұстады.
Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жүргізілген рейдтік жұмыстардың 2 күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 1000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 18-і – көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көріліп, 40-тан аса жүргізушінің көлік құралы айыппұл алаңына жеткізілген.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі