ЖОЛ БЕРМЕГЕН БҰЗАҚЫНЫҢ 3 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ
Жолға таласқан жүргізуші ерегісемін деп сотты болды. Бұл туралы қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы азамат өткен жылдың қараша айында таңертеңгі уақытта басқаруындағы «Фольсваген пассат» автокөлігімен Бейбітшілік көшесінің бойында келе жатып, қатарласып келе жатқан «Ауди-100» автокөлігімен жолға таласып қалады. Сол көшенің бойына тоқтаған «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі көліктен түсіп, мән-жайды анықтамақ болып, қарсылас көлікке беттей бергенде «Фольсваген пассат» автокөлігінің жүргізушісі көлігінде сақтаған асхана пышағын алып, жәбірленушінің қолтық тұсына сұғып алған. «Жеңіл» дене жарақатын алған жәбірленшінің сол жерге тастап, оқиға орнынан кетіп қалған.
Осылайша, сотталушы ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілемей, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Шынар БЕКБАН