ЖЫЛУ РАДИАТОРЫНА ҚЫСЫЛЫП ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚОЛЫ ШЫҒАРЫП АЛЫНДЫ
Кеше түсте құтқарушылар қызып тұрған жылу радиаторына қолы қысылып қалған балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі хабарлады.
Нақтырақ айтатын болсақ, «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда қаласының тұрғыны С.Санғұлов есімді азаматтан 7 жасар баласының қолы жылу радиаторының секцияларының арасында қысылып қалғаны жөнінде хабар берген.
Жасақ құтқарушылары оқиға орнына барғанда 7 жасар бала ойнап жүріп, жылу радиаторының секцияларының арасына оң қолының шынтағын тығып алып қайта шығара алмай қалғаны анықталған. Ептілік танытқан құтқарушылар баланың қолын ыстық жылу радиаторының секцияларының арасынан шығарып алды. Баланың ата–аналары құтқарушыларға өздерінің алғыстарын білдірді.
Шынар БЕКБАН