МАЛ ҰРЛЫҒЫ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА КӨМЕК БЕРГЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД-нің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Досанов мал ұрлығы қылмысын «ізін суытпай» ашты. Қармақшы ауданы, Қуандария ауылының 1953 жылы туылған тұрғынының «Әбділда» жайылымына айдап жіберген 15 бас жылқысын қолды еткен ұры жедел түрде ұсталып, малдар егесіне қайтарылды.
2015 жылғы ақпан айының 14-нен 15-не қараған түні Қазалы ауданы Басықара ауылының тұрғыны белгісіз біреудің таныс емес жылқыларды айдап бара жатқандығын көргенін айтып, учаскелік полиция инспекторына хабар береді. Аталған ақпарат бойынша Қазалы ауданының учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына дереу жетіп, 1962 жылғы Қазалы ауданының тұрғынын 15 бас жылқыны айдап келе жатқан жерінде ұстайды. Жәбірленушінің жылқылары айғақ зат ретінде алынып, арыз иесіне тиесілі екендігі құжаттар негізінде дәлелденіп, қолхат арқылы қайтарылды.
Қазіргі таңда, күдікті азамат Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
15 бас жылқыны белгісіз біреудің ұрлап бара жатқандығын полиция қызметкеріне хабарлап, құрықталуына атсалысып, белсенді азаматтық ұстанымын танытқан Басықара ауылы тұрғынына алғыс жарияланып, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан марапаттауға және «Сақшы-сарбаз» жасағының құрамына алуға жергілікті әкімдікке ұсыныс берілді. Қазалы ауданы Басықара ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Досанов пен ауыл тұрғынының бірлескен жұмысының нәтижесінде 3600000 теңге көлеміндегі шығынның алдын алынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі