ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БІРНЕШЕ ПӘТЕРДІ ТОНАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАДЫ
Қылмыстың «ізін суытпай» полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Арал ауданының 1987 жылы туылған тұрғыны және Қызылорда қаласының 1993 жылғы тұрғындары ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
2015 жылдың 06 ақпанында Қызылорда қаласы, Арай мөлтек ауданы тұрғының пәтер ұрлығы бойынша арыздануымен Қызылорда ҚІІБ қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ұрлық фактісі қонақ бөлменің терезесінен кіру арқылы орын алғанын және пәтерден 2 дана құндыз бас киім, 1 дана ноутбук қолды болғанын анықтады.
Ұсталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, күдіктілердің қаңтар айының 14-і күні Қызылорда қаласының орталығында орналасқан үйлердің біріне пластик терезесі арқылы кіріп, екінші қабаттағы жатын бөлмеден алтын, гауһар тас бұйымдарын, бағалы тонын, сейфтен 1,000 АҚШ доллары мен 70,000 теңгесін ұрлап, үй тұрғынына 1,650,000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.
Жоғарыда аталған күдіктілердің қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қаңтарында тағы бір пәтер ұрлығы қылмысы орын алған. Қызылорда қаласының тұрғыны 1985 жылы туылған азаматшаның үйіне түсіп, үйдің жатын бөлмесінен құндыз тонын, планшетін және алтын бұйымдарын қолды етіп, жалпы құны 2,580,000 теңге көлемінде шығын келтіргені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Қызылорда ҚІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда тергеу барысында ұсталған тұлғаның бұдан бөлек 8 ұрлық қылмыстарына қатысы бар екендігі анықталды. Бұл ұрлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен тағы бір сыбайласы – 1992 жылғы Арал ауданының тұрғыны ұсталып, ҚІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тексеру барысында айғақ заттар тәркіленді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі