СҚО ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ӨЛІМІ ҮШІН РЕСЕЙЛІК АЗАМАТТАР АЙЫПТАЛУДА
СҚО прокуратурасына Қаржы полициясы департаментінің бастығы міндетін атқарушы қызметінде болған Жандос Ахметовтің өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс келіп түскен.
Облыс прокурорының орынбасары Бірлік Тәшімов бұл қылмысқа ресейлік екі азаматтың қатысы бар деген күдік туындаған соң Қазақстанның Бас прокуратурасы арқылы халықаралық сұрау салуға тура келгендіктен іс созылып кеткенін айтты.
Б.Тәшімов Ж.Ахметовтің өлімі үшін РФ екі азаматы айыпталып отырғанын жеткізді, олардың бірі бұрынғы әскери қызметкер екен. Үшінші күдікті - Қазақстан азаматы қаржы полицейі оққа ұшқан қаруды күдіктілерге бергені үшін айыпталуда. Қызметкердің өліміне оның лауазымдық міндеттері себеп болған.
Естеріңізге сала кетейік, Жандос Ахметовты белгісіз біреулер 2013 жылдың 24 желтоқсанында өз үйінің подъезінде атып кеткен еді. Сол 2013 жылдың наурыз айында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған ол тергеу және тергеуалды өндіріс істері мәселелерімен айналысқан, деп хабарлайды Росбалт.