«САРЫБҰЛАҚ» КЕН ОРНЫНДА ҰҢҒЫМАЛАРДЫҢ БІРІНЕН МҰНАЙ АТҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы «Сарыбұлақ» кен орнында №212 ұңғымаға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылаусыз мұнай аралас газдың сыртқа атқылау оқиғасы орын алған. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Құбырдың қысымы 73 атмосфера. Қазіргі таңда технологиялық процесс тоқтатылды. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнына ВПФО «Ақберен» мекемесінен, ТЖД-нің жедел тобынан және Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нен барлығы 32 қызметкер, 7 техника жұмылдырылды. Кен орнында 2-АЦ ведомствалық өрт күзеті және «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС-нің 13 көмекші техникалары кезекшілікте тұр.
Ұңғымадан мұнай аралас газдың сыртқа атқылауы жалғасуда. Тәулігіне ұңғыма шамамен 9 м3 мұнай өндіреді.