ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН БҰЗАҚЫ ЖАЗАСЫН АЛДЫ
Полиция қызметкерін балағаттап, қол көтергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылмақ, деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
Өз қызметінде және полиция арнайы киімінде жүрген Шиелі АІІБ-нің Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенантын ауыр сөздермен балағаттап, «Шымкент-Самара» тас жолының бойында автокөлігінде отырған қызметкерге бір-екі мәрте соққылар жасаған.
Осылайша бұзақы азаматтың үстінен іс қозғалып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған. Сот, сотталушыныны 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді.
Үкім заңды күшіне енбеген.