МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАНЫ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ
Мас күйінде көлік жүргізіп өзінің де, өзгенің де өмірі мен денсаулығына қауіп төндірушілерден қоғамға төнетін зиян да өте жоғары. Еліміздің құқық қорғау органдары бұл салада көптеген жұмыстар жүргізіп жатқанымен, мас күйінде көлік жүргізу оқиғалары әлі де азаяр емес.
Жыл басынан бастап осындай құқық бұзушылығы үшін 4 азаматқа қатысты әкімшілік іс аудандық сотта қаралып, құқық бұзушылардың дені көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Мәселен, жуырда аудандық сотта ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік іс хаттамасы бойынша құқық бұзушы Аманкелді ауылында өз басқаруындағы маркасы «Ауди-100» көлігін мас күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы ЖҚЕ-нің 2.4.2 тармағын бұзған. Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі