АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАҒАН АЛАЯҚ
Қылмыстың бір түрі алаяқтық екені белгілі. Осы санаттағы қылмыстардың саны толастамай, қайта 2015 жылдың басынан бұл санаттағы қылмыстардың өсім алып отырғаны тиісті сала басшыларын алаңдатуда.
2014 жылдың 12 айында Қызылорда қаласы бойынша 6971 алаяқтық қылмысы тіркелген болатын. 2014 жылдың 1 айында 587 қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың 1 айында 751 қылмыс тіркеліп 27,9 пайызға өсім алғанын көрсетіп отыр.
Сөзіміздің айғағы ретінде бір дерекке мысал келтіре кетсек, өткен 2014 жылы, Қызылорда қаласының тұрғыны Н. С. есімді азамат алаяқтық ниетпен бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, Қызылорда қаласының тұрғыны азамат А.Д-ның сеніміне кіріп, облыс аумағында ірі бір мемлекеттік мекемелердің бірінен тендерден ұтып беремін деген айнасымен 6500000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
Таяуда Қызылорда қалалық ішкі істер басқарамысының Тергеу бөлімімен жоғарыда аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 4 бөлігімен /ескіше 177 бап/ қылмыстық іс қозғалып сезікті азаматтың бас шарасы қамауға алынды.
ҚР ҚК 190 баптың 4 бөлігінде көрсетілгендей, сезіктінің мүлкі тәркіленіп 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ ешқашан мемлекеттік қызметке орналастырлмайды деп белгіленген.
Тергеу барысында сезікті азамат бұрында осы баппен сотты болып амнистияға ілініп қамаудан босағаны анықталды. Осылайша өзінің айласын асырмақ болған алаяқ темір тордың ар жағынан бір ақ шықты.
Қызылорда ҚІІБ Баспасөз қызметі