ЕСІРТКІ ЗАТЫН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз жолмен есірткі затын сақтап, оны сатпақ болған азаматқа үкім жарияланды.
Ол 10 ақпан 2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-тің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылған.
Сотталушы өткен жылдың 3 қарашасында танысына 10000 теңгеге жалпы салмағы 0,77 грамм героиннің 2 орамасын заңсыз сатқан. Сол мезетте күдіктіні ұстап, оның үстіне тінту жасаған кезінде қалталарынан 5 дана бөлек оралған, жалпы салмағы 1,23 грамм героин есірткі заты табылған. Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Одан басқа оған нашақорлықтан емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Ол бұдан бұрын да заңсыз есірткі сатқаны үшін сотты болғанын, бірақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанын айта кету керек.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі