ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП, ОҚИҒА ОРНЫНАН КЕТІП ҚАЛҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ
Қызылорда қалалық №2 соты сотталушыға қатысты үкім шығарды. Атап айтқанда, сотталған азамат Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесімен жылдамдықты асырып жіберген азамат көшені кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып, жәбірленуші қайтыс болғанына қарамастан кетіп қалған.
Соттың үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
ҚР ҚК-нің 48-бабының 5-бөлігінің а тармақшасына сай, сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын колония-қоныста өтейді деп белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласы № 2 сотының
баспасөз қызметі