Қызылордада 10 жасар бала суға батып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында он жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқоңыр қаласында тұратын жасөспірім дарияның рұқсат етілмеген аумағында суға түскен. Биыл Қызылорда облысында жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр. Бұл жөнінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев журналистермен жүздесуде айтып өтті. Биылғы жылы 12 жасөспірім суға кету салдарынан көз жұмды. Барлығында да олар ата-аналарының бақылауынсыз қалу салдарынан осындай оқыс жағдайға ұшыраған.
«Департамент тарапынан судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер мен үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан суға түсудегі қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді»,-деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.