ОҢТҮСТІКТЕГІ ТӘРТІПСІЗДІККЕ СЕБЕПКЕР БОЛҒАН АДАМ ӨЗБЕКСТАННАН ҰСТАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адам Өзбекстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан полициясының күшімен Өзбекстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адам ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген таратылған хабарламада. Қазіргі уақытта ұсталған адам Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД тергеу изоляторына қамалды. Қылмысты тергеумен ҚР ІІМ тергеу департаменті мен ОҚО ІІД қызметкерлерінен тұратын арнайы тергеу-жедел тобы айналысып жатыр.
Еске салайық, 4 ақпан күні Сарыағаш ауданының Бостандық елді мекені маңынан Ынтымақ ауылы тұрғынының пышақ салынған денесі табылған еді. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция оқиғаға күдіктіні анықтады. Ол - Бостандық ауылының 1976 жылы туған Н.Нарметов деген тұрғыны. Күдікті марқұмның жылыжайын жалға алатын болған, олардың арасында жалға алуға қатысты келіспеушілік туған, мұның ақыры күдіктінің жылыжай иесін өлтіруге әкеліп соқты.
"5 ақпан күні Б.Артықовтың (қаза тапқан ер адам) ауылдастарынан тұратын бір топ жігіт Н.Нарметов тұратын жерде тәртіпсіздік жасады, соның салдарынан бірнеше автокөлік өртеніп, аударып тасталды. Жақын маңдағы үйлерге зақым келді. Бұдан кейінгі бұзақылық әрекеттерді оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады полицейлер. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр, жағдайды ішкі істер қызметкерлері бақылауға алған.