Қызылордада мылтық ұрлаған жігіт ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада белгісіз адам үйдің кіре беріс бөлмесіндегі пластик терезесін күштеп ашып, жатын бөлмеде тұрған 1 дана аңшы мылтығын, 14 дана оқтарын, шкаф ішінде тұрған күміс бұйымдары мен әшекейлерді, киім-кешектерін жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес бірнеше сағат ішінде күдікті азамат ұсталып, ұрланған заттар айғақ ретінде алынған.
«Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген таратылған хабарламада.
Құрықталған 25 жастағы күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.