Қызылордада көлік қаққан жүргінші мен оның қызы мерт болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші мен оның қызы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.