СЫР САҚШЫЛАРЫ АҚБӨКЕН ЕТІ БАР КӨЛІКТІ ҰСТАҒАН
Жуырда Қызылорда ОІІД мен ҚІІБ-ның табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу бырысында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 10 шақырымында, Қызылорда қаласының 38 жасар тұрғынын«Мерседес Бенц» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында артқы жүк салғышында қапқа салынған киік аңының етіне ұқсас ет табылып айғақ зат ретінде алынған болатын.
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының анықтау бөлімімен тиісті құжаттар жиналып, сараптама тағайындалды. Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша аталған ет ақбөкен еті екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339 бабының (Заңсыз сирек кездесетін аң-жануарларды сақтау және тасымалдау, 3000 айлық көрсеткіштен (5946000 тенге)айыппұл немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруға іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.
Қ.АБДУЛЛАЕВ,
Қызылорда ҚІІБ Баспасөз қызметінің жетекшісі