19 ЖАСАР ЖІГІТ АДАМ ӨЛТІРГЕН ҮШІН, АЛ ОНЫҢ ДОСЫ ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРҒАН ҮШІН СОТТАЛДЫ
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір адамды өлтірген, екіншісін пышақпен жарақаттаған үшін және досының жасаған қылмысын жасырған үшін екі жас жігітке қатысты үкім шығарды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласында орналасқан «Версаль» кафесінде демалып отырған екі достың біреуі сағат түнгі 2-лер шамасында сыртқа шығып кетеді. Кафе жанында тұрған бір топ жігіттің арасында ұзын бойлы жігітті көріп ол одан «бойын қанша?» деп сұраған. Ұзын жігіт «менің бойымда шаруан болмасын» деп жауап берген. Сөйтіп, екеуі ерегісіп қалып, ақырында ұрыс төбелеске айналып кетеді. Сотталушы қалтасындағы пышағын алып ұзын жігіттің иығына сұғып алады. Пышақты көрген ұзын жігіттің достарының біреуі араша түсіп екеуін ажыратпақ болған. Алайда, сотталушы оған да бірнеше рет пышақты сұғып алады. Ол жігіт алған жарақаттардан жерге құлайды.
Осы кезде сотталушының досы кафеден шығып, төбелес болып жатқан жерге жүгіріп келіп, досының қолындағы пышақты алып, кафе жанындағы өсімдіктер жаққа лақтырып жіберіп, оған «бұл жерден қаш» дейді.
Пышақтан жарақат алған жігіттің достары ішіндегі біреуінің автокөлігіне мініп, оны ауруханаға жеткізеді. Алайда, алған ауыр жарақаттардан және қаны көп кеткендіктен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмайды, екінші жәбірленушіге дәрігерлік көмек беріліп, ол аман қалады.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін жртылай мойындап, кафе жанында тұрған ұзын жігіттің бойын сұрағанда ол оған дөрекі жауап беріп иығынан итеріп жібергенін, одан кейін екеуі төбелесіп кеткенін, төбелес кезінде жерге құлағанда, жерде жатқан пышақты көріп, оны алып ұзын жігіттің иығына ұрғанын, ал қайтыс болған жігітке пышақты қалай тығып алғанын білмейтінін айтты. Істеген әрекетіне өкінетіндігін білдіріп жауап берді.
Екінші сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім беруді сұрады.
Сотта қайтыс болған баланың әкесі сотталушыларға ешқандай кешірім бермейтіндігін айтып, оларға заңға сәйкес ен қатаң жаза беруді және 1000000 теңге моральдық шығынды өндіруді сұрады.
Сотталушылардың, жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарын тыңдап, қылмыстық істің құжаттарын зерделеп, прокурор, адвокат және басқа сотқа қатысушылардың жарыс сөздерін тыңдап, сот айыптау үкімін қабылдады.
19-жасар сотталушы адам өлтірген үшін кінәлі деп танылып 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтетіндігі белгіленді. Одан басқа, қайтыс болған баланың әкесінің пайдасына 1000000 теңге моральдық шығын өндірілді.
Екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.
Адамды өлтірген үшін сотталған жігіт қабылданған үкімге наразы болып апелляциялық шағым берді. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, сотталғанның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі