Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталмыш оқиға негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мəн-жайлар анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмғанын хабарлаған едік.