Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада Абай көшесі бойында көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті.
Бұдан бұрын да Қызылордада автокөлік қаққан адам оқиға орнында көз жұмғанын хабарлаған едік.