Арыс әскери бөлімнің қоймасында қуатты жарылыс болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен.
«Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта.