Қызылордада өз-өзіне қол жұмсаған әйел құтқарылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада өз-өзіне қол жұмсаған әйел құтқарылды.
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары өзін өлтірмек болған әйелді құтқарды. Ағымдағы жылдың 15 маусымында сағат 00:50 шамасында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне қала тұрғыны жұбайының есікті ішінен іліп алып ашпай жатқанын және суицид жасамақшы екенін хабарлаған.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар есікті арнайы құрал-жабдықтармен ашып, пәтер ішінде 1993 жылы туылған әйелді жуынатын бөлмеде орамалға байланып дарға асылып тұрған жерінен босатып аман алып қалды. Жедел жәрдем қызметкерлерін дер кезінде шақырып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жолдасының айтуы бойынша жұбайымен ұрысып қалғаннан кейін, ол есікті іліп алып ашпай қойған, сондай-ақ телефонмен сөйлескенде өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан екен.