ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП, ЖАЗЫМ ҚЫЛА ЖАЗДАДЫ
Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылында көлікті тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншіні жазым ете жаздады. Абырой болғанда жәбірленуші тек жеңіл жарақаттанған.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 24 қаңтар күні Мәдениет ауылында «Ауди-100» автокөлігімен келе жатқан жүргізуші жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетіп, денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген. Нәтижесінде Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабының 2 бөлігімен азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралып, сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленді.
Шынар БЕКБАН