Күрекпен адам өлтірген жалағаштық жігіт сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында темір күрекпен адам өлтірген қылмыскер сотталды.
Сотталушы А. жәбірленуші Д-мен жанжалдасып қалаған. Екіжақты жанжал кезінде сотталушы жәбірленушінің бас сүйегінің маңдай тұсынан темір күрекпен соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтірген.
«Сотталушы жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Алған жарақатынан жәбірленуші көз жұмды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - делінген Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жалағаш аудандық сотының үкімімен сотталушы А.-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.
Динара МАХАНОВА