КЕНІШТЕГІ ТӨБЕЛЕСТЕ АДАМ ӨЛТІРГЕНІ ҮШІН 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтірген үшін кінәлі азамат 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сәрсенбаева мәлімдеді.
Оқиға Қызылорда облысындағы мұнай кеніштерінің бірінде болған. Кешкілік мезгілден бастап арақ ішкен күзетшілер, ақыры бір-бірінің сөзін көтере алмай төбелесіп, біреуінің өлімімен аяқталды.
Қаладан алыс жерде орналасқан кенішке жедел-жәрдем жетпей жатып, ас үй пышағымен ауыр жарақат алған жәбірленуші көз жұмған. Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындамай, қайтыс болған адамның өзі бірінші оған пышақпен жүгіргенін, төбелес кезінде қолындағы пышақтың абайсызда кіріп кеткенін айтып ақталғанмен, қылмыстық іс бойынша сот медициналық криминалистикалық сараптама қорытындыларымен және куәлердің берген жауаптарымен оның кінәсі толығымен дәлелденді.
Сотта қайтыс болған азаматтың ата-анасы сотталушыға қатаң жаза тағайындауды және моральдық шығынды өндіруді сұрады.
Сот үкімімен сотталушы адам өлтірген үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Жәбірленушілердің азаматтық талабымен, талапкердің пайдасына сотталушыдан 1500000 теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы мен оның қорғаушысы үкімге шағым берген. Қазіргі күні іс апелляциялық сатыда қаралуда.
Шынар БЕКБАН