"Хан Шатыр" бассейнінде кішкентай қыз суға батып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтанда "Хан Шатыр" ойын-сауық сауда орталығының бассейнінде кішкентай қыз суға батып кетті. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2010 жылғы қыз ойын-сауық сауда орталығының жоғарғы қабатында орналасқан бассейнде суға батып кетті.
"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.