ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Кеше ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілігіне Қызылорда облысы, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Қызылорда – Жалағаш жол бойында «Туберкулезге қарсы ауруханасының» маңында автобус жүргізушісі көмек сұрағаны жөнінде хабар түсті.
Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орнына жетіп, ауа райының суытуына байланысты дизель отыны қоюланып қалғандықтан 12 жолаушысы бар автобустың тоқтап тұрғанын көреді. Барлық жолаушылар Қызылорда қаласына эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмектің қажеті болмады.
«ОӨАЖҚЖ» ММ