Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында «КамАЗ» жүк көлігі адам қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 15 мамырда орын алған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен іс қозғалған.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - делінген облыстық полиция департаментінің таратқан мәліметінде.