ҚЫТАЙДА ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 380 АДАМНАН АСТЫ
Қытайдың Юньань провинциясында магнитудасы 6,5 жер сілкінісі болып, салдарынан 380-нен астам адам қаза тапты. Мұндай мәліметті ҚХР азаматтық істері жөніндегі министрлігі таратып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Провинция билігінің дерегінше, үш адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, тағы 1,8 мыңнан астамы жарақат алды. «Әсіресе Лудянь (302 адам) және Цяоцзя облыстарында (66 адам) құрбан болғандардың саны өте көп», - делінген хабарламада.
Жер сілкінісі 3 тамыз күні тіркелді, жер асты дүмпулерінің ошағы Чжаотун қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасты. Қытай орталық телевизиясының ақпаратынша, бұл зілзала Юньань провинциясында өткен 14 жылдың ішінде тіркелген ең қуатты жер сілкінісі болып отыр.
bnews.kz