Қызметтік иттер - сенімді серік
Қызылорда облысы полиция департаментінің дерегінше Кинологиялық қызмет орталығы қылмысты ашуда, қылмыстың ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, нәтижесінде 88 қылмыстың бетін ашты.
Айталық, жуырда «Арал - Шеп» бекетінде «Ниссан» маркалы ерекше иісі бар шөп ұнтақтары табылған. Бұл есірткі қылмысына қатысы бар азаматтар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Қызметкерлер автокөлікті «Крона» қызметтік итінің көмегімен тексерген. Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар заттар 3,5 кг «кептірілген марихуана» екендігі анықталып отыр. Міне осы арқылы елімізде қылмыс ашу ісіне иттердің көмегі орасан екенін білдік.
Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында 28 қызметтік-іздестіру иттері бар. Тәртіп сақшыларының сенімді серіктеріне айналған қызметтік иттер қылмыстарды ашу, із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одорология бойынша полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуде.
Фариза ОМАРОВА