АШЫҚ ТҮРДЕ ТОНАП, АДАМДЫ ӨЛТІРІП, ҮЙДІ ӨРТЕП КЕТКЕН
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ашық түрде үйге тонау жасап, сол сәтте үйде болған қарт адамды өлтіріп және кетіп бара жатып үйге өрт қойып кеткен жас жігітке қатысты айыптау үкімін қабылдады.
Аудандардың бірінде орналасқан жиһаз дүкенінде құрастырушы болып жұмыс істеп жүрген бір азамат шифоньер сатып алған әйелдің үйіне барып, оның сатып алған затын құрастырады. Сол жерде ол басқа бөлмеде тұрған ноутбукты көреді. Жұмысын жасап болғасын, ол ақысын алып кетіп қалады.
Арада он күн өткен соң ішімдік ішіп, қатты мас болған кезде, оның есіне ноутбук кіреді, сөйтіп ол алдында жиһаз құрастырған үйге келеді. Аулаға кіріп үйдің есігін ашқан кезде, ешқандай дыбыс естілмеді. Үйге кірген кезде ол бір бөлмеде керуертте жатқан қарт әжені көреді. Сасқанынан ол үй егесі, жиһаз сатып алған әйел бар ма деп сұрайды. Әже өзінен басқа үйде ешкім жоқ екендігін айтады. Одан кейін, жігіт әже өз бетінше жүре алмайтын шығар деп ойлап, ноутбук тұрған бөлмеге кіріп ашықтан ашық оны қолына ұстап шығады. «Сен не істеп жүрсін?» деп алдынан шыққан қарт кісінің бетінен жұдырықпен бірнеше рет ұрып, жерге құлатады. Одан кейін, әженің қол таяғын жұлып алып, онымен басынан әбден ұрып, үй ішінен шығып кетеді.
Алайда, оның жасаған қылмысы ашылып қалады деп ойлап, ол қайтадан үйге кіріп, асхана бөлмесінде стол үстінде тұрған пышақты алып, қарт әже еденде шалқасынан жатқан бөлмеге барып, қолындағы пышақпен соңғының мойнының алдыңғы жағынан жоғарыдан төмен қарай бағыттап екі мәрте ұрып, мойнынан көп мөлшерде қан кетуге әкеп соқтырған «ауыр» дәрежедегі кесілген жарақаттар салып, қасақана қаза келтіріп, өлтірген.
Осыдан кейін, сотталушы өзінің жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстарының ізін жасыру мақсатында, аталған үйдің ортаңғы бөлмесіндегі диван үстіне жабылған төсенішке өзімен бірге алып жүрген зажигалкамен ашық от қойып өртеп, одан әрі сол бөлмеге үйдің кіре беріс есігі жанында тұрған үлкен газ баллонды әкеліп қойып, «ашық оттан газ жарылсын»-деп ойлап, өрт қойған. Нәтижесінде, ашық оттан шыққан өрттен жәбірленушіге мүліктік зиян келтіріп, өзі ашық ұрлап алған ноутбукті иемденіп, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Басты сот талқылауында сотталушы сол үйге барып ноутбукты алып шыққанын, содан кейін не істеп не қойғаны есінде жоқ екенін, алып шыққан ноутбукті өзі үйіне алып келіп ұйықтап қалғанын, ал оянғанында бас жағында тұрған ноутбукті көріп, қорқып кетіп есін жинап, әке-шешесінің үйіне алып келіп аула ішінде өртеп жібергенін, содан кейін зайыбын, әке-шешесін, барлық ағайындарын жинап болған оқиғаны айтып беріп, полицияға өз кінәсін мойындап барғанын көрсетті.
Жәбірленуші жағы сотталушының әрекетінен келген мүліктік және моральдық зиянды өндіруді және оған тиісті жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен аталған жігіт дәрменсіз күйдегі адамды өлтірген, ашық түрде тонау жасаған және бөтен адамның мүлкін өрт қою арқылы бүлдірген үшін кінәлі деп танылып түпкілікті 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айырылды.
Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді, одан басқа маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар қолдану белгіленді.
Алайда, қазір күні сотталған азамат үкіммен келіспей, тағайындалған жаза тым қатан деп, апелляциялық шағым берді. Енді іс апелляциялық сатыда қаралады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі