ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі», - деп жазды Президент Туиттердегі парақшасында.