Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік көлік апаты: Зардап шеккендер саны 27-ге жетті (видео)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы мәліметтер бойынша 27 адам зардап шекті. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, яғни 66 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы автобус жолаушысы. 25 адам көпбейінді № 2 ауруханаға жеткізілді. Соның арасында төртеуінің жағдайы ауыр. 3 адамға операция жасалуда, тағы үшеуі қарқынды терапия бөлімінде», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
№1 қалалық ауруханаға зардап шеккен 1 адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері). Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Сонымен қатар, Орталық жол ауруханасына тізесін зақымдаған бір адам жеткізілді (жедел жәрдем фельдшері).
Жалпы, оқиға орнына жедел жәрдемнің 22 бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.