Қызылордалық жігіттер таныстарының үйіне ұрлыққа түскен
Қызылордалық екі жас жігіт таныстарының пәтеріне ұрлыққа түскен, деп жазады oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше ұрылар Тасбөгет кентіндегі тұрғын үйдің терезесін бұзып кіріп, үй егесіне тиесілі сейфті ұрлап кеткен. Сейфте жалпы 1 млн 650 мың теңге ақша мен алтын бұйымдар болған.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін мойындап жауап берді. Ұрланған заттардың біршамасы тәркіленіп, олар егесіне қайтарылған.
Екеуіне де ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (ірі мөлшердегі ұрлық) айып тағылып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.