Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмды
Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында көлік қағу салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам мерт болды. Күдікті тұлға ұсталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.