КӨЛІККЕ ОҚ АТҚАН ЖІГІТТЕР СОТТАЛДЫ
Қызылордада көліктерге оқ жаудырған екі азамат сотталды. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында осындағы бір ауданның орталығында болған. Жас жігіттер өздері мінген көліктерді басқа көліктің алдына көлденең қойып тоқтатады. Содан кейін машинадан шығып, тоқтаған көлікке айналдыра оқ жаудырады. Абырой болғанда, көлікті басқарып отырған адам қашып үлгерген.
Бұдан соң бұзақылар екінші машинаны тоқтатып, оны да оқтың астына алған. Осы сәтте олар МАИ автокөлігінің келе жатқанын көріп қашып кетеді. Тергеу мен сотта сотталушылардың біреуінің көліктерді атқаны, екіншісінің оғы адамдарға бағытталғаны анықталды. Нәтижесінде екі темір тұлпар да зақымдалған. Одан басқа бес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Біреуінің көзіне сынған шыны кесегі түскен.
Сотталушылар кінәларын жартылай мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Жәбірленушілер болса, келтірілген зиянның орны толтырылуына байланысты кешірім беріп, соттан олардың жазаларын жеңілдетуді өтінді.
Сот бұзақыларды және адам өлтіруге ниеттенгендердің біреуін 4,5 жылға, ал екіншісін 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.