Қызылордада бір әйел, екі бүлдіршінге иіс тиді
Елімізде бір күнде 7 адамға иіс тиіп уланды.
Қызылорда маңындағы Махамбетов ауылында 1993 жылы туған келіншек пен 2017 және 2019 жылдары туған екі бүлдіршін иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ сол күні Жезқазған қаласында жеке тұрғын үйде иіс тиіп уланған 2007 жылғы жасөспірім ауруханаға жатқызылды.
ШҚО-ның Шемонаиха қаласында да 2015 және 2018 жылдары туған екі бала, ал Семейде 2001 жылы туған қыз бала уланып, ауруханаға жеткізілді.