Қызылордада автобустар соқтығысты
Қызылорда қаласында Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің аялдамасында «ПАЗ» қоғамдық көлігі тежегіштің істен шығуынан екінші автобусқа соққан, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-02/1550756051_21dtp001.jpg)
Автобустың терезесі сынып, алдыңғы бөлігі істен шықты.
Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бірақ қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Мұндай тәртіпсіздікке қызылордалық жолаушылар қашанға дейін шыдауы тиіс?
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-02/1550756023_21dtp1.jpg)