ҰРЫП ӨЛТІРІП ДЕНЕСІН ӘЖЕТХАНАҒА ТАСТАҒАН
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасы 21-ге келген жас жігітке қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Оқиға болған күні, түнгі сағат 3-тер шамасында айыпталушы қаланың шетінде орналасқан 24 сағат жұмыс істейтін дүкен ішінде отырып, сыра ішкен. Біраз уақыт өткен соң ол әжетханаға шыққысы келіп сыртқа шығады. Дүкен алдында сатушы жігіт далада тұрған заттарын қарап жүргенін көреді. Сөйтіп, одан әжетханаға қайда баруға болатынын сұрайды. Дүкенші жігіт оған алдына түсіп жол көрсетіп келе жатқанда сүрініп кетіп алдында келе жатқан жігіттің киімінен ұстап үлгеріп қайтып орнына тұрған. Сол кезде дүкенші оны балағаттағанын естіп, қатты мас күйінде айыпталушы оны ұрып, қылқындырып, басынан қолына түскен шифердің сынығымен ұрып, өлтірген. Одан әрі, сотталушы өзінің жасаған аса ауыр қылмысының ізін жасыру мақсатында, жәбірленушінің мәйітін аталған үй ауласының бұрышына салынған әжетхананың ішіне кіргізіп, денесін дәрет алатын ойық тесігі арқылы құдығына тастап жіберіп, өзі оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, қандай ауыр жаза болса да көтеруге дайын екенін көрсетті, ал жәбірленуші жағы сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ