Астанада иіс тиген төрт бала ауруханаға жеткізілді
9 ақпан күні сағат 21:12-де 101 қызметіне Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақханадағы өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті сөндіру кезінде 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 бала құтқарылды. Бір отбасының иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді.
Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болған.
Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.
inform.kz