Түркістан облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп, көз жұмды
8 ақпанда Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Бесқұбыр ауылында жер үйде тұрған бүтін бір отбасы иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пештің жарамсыздығынан бір үйдің төрт бірдей адамы табиғи газға уланып қалды. Ерлі-зайыптылар мен екі бала оқиға орнында көз жұмды.
Қаза болғандар: 1986 жылғы азамат, 1993 жылғы әйел және 2015, 2016 жылдары туған балалар.