СУДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ЖАНУАРЛАР ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Тартоғай ауылдық округінің әкімінен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылынан 8 шақырым жерде «Қызыл жыңғыл» атты жерде ірі қара малдар суда қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Жасақ құтқарушылары құрамында 4 құтқарушы 1 бірлік техника үрлемелі мотор қайығымен шұғыл түрде шақырылған жерге шығып кетті. Оқиға орнына жеткен жасақ құтқарушылары жағдайды анықтап, үрлемелі мотор қайығымен құтқару жұмыстарына кіріскен.
Жануарларды құтқару және эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Моторлы үрлемелі қайықтың көмегімен барлық 10 бас ірі қара малды (сиыр) құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді.