Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім көз жұмды
Ақтөбенің Шалқар ауданында оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбенің Шалқар қаласында оқушылар төбелесіп қалды. Оқиға мұз айынында болған. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің хабарлауынша, бір оқушы дене жарақатынан (әлдене сұғып алған) көз жұмды.
"Жедел жәрдем шақырмай, балалардың көмегімен жеткізілді. Келген кезде жағдайы ауыр болды. Реанимациялық құтқару жүргізілгенімен, көп қан жоғалтқаны анықталды. Әлденені сұғып алған жарақат. Бір бала көз жұмды", - деп хабарлады аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл ақпарат туралы ертең толық мәлімет беретінін жеткізді.