40 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЯҚ КИІМІ ҰРЛАНДЫ
Шиелі ауданының тұрғыны тұрғын үй-жайына заңсыз кіріп, үйдің кіре беріс бөлмесінде құны 40000 теңге тұратын жаздық ерлер аяқ киімін жасырын ұрлап, жәбірленушіге 40000 теңге мүліктік залал келтіргендігі анықталды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы алкогольді еліту жағдайында қақпасы ашық тұрған тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырған.
Айыпталушы сотта өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, жәбірленушімен татуласқандығын жеткізді. Оған келтірілген залалды толығымен өтегенін, жәбірленушінің арызына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұрады.
Сот, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабы 2-бөлігінің «в» тармағымен айыпталған А.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабы 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуға қаулы етті.